- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Біздің жастар болашаққа сенулері керек және болашақ үшін еңбек етулері қажет
Н.Назарбаев: Біздің жастар болашаққа сенулері керек және болашақ үшін еңбек етулері қажет
«Әз-Наурыз барша халқымызға құтты болсын! Осы жерге жиналған халыққа, барлық қазақстандықтарға шын жүрегіммен бақ-береке тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні кешегі сайлаудағы ұлы жеңісімізбен қатар келді. Сондықтан Қазақстан халқы бір үйдің баласындай аман-есен жүріп жатқан жағдайымыз бар. Осы бірліктен Жаратқан бізді әр уақытта ажыратпасын. : Біздің жастар болашаққа сенулері керек және болашақ үшін еңбек етулері қажет. Барлық істеп жатқан жұмыс - келер ұрпақтың қамы. Келер ұрпаққа беретін аманатымыз елдің бірлігін сақтап, Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, болашаққа жол салатын болсын! Халқымыз осы күні бір-біріне тілеген жақсы тілектер орындалады деген. Сондықтан мен баршаңызға, әрбір отбасына, әрбір азаматқа бақ-береке тілеймін», - деді Н.Назарбаев.
Еске сала кетейік, Наурыз мерекесін атап өтуге Астанада 70-ке тарта іс-шара өткізу жоспарланған. Қаланың 14 алаңында мерекелік іс-шара өтеді. «Астана Арена» стадионының аумағындағы алаңда, «Қазақ елі» монументінде, «Жерұйық» және «Студенттер» саябағында, «Жастар» театрының алаңында, сондай-ақ, Мичурин мен Теміржол ауылдарында, «Шығыс Ильинка», «Пригородный», «Өндіріс» тұрғын алабтарында, «Наз» мемлекеттік театрының алдындағы алаңда іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Анара Таныркулова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді