- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚХА депутаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
Астанада ҚХА депутаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
Дауыс беру парақшаларын санау қорытындысында ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттар мынадай дауысқа ие болды.
Сауытбек Абдрахманов 345, Владимир Божко 349, Наталия Жұмадилдаева 343, Роман Ким 346, Наринэ Микаелян 336, Ахмед Мурадов 339, Шаймардан Нұрымов 337, Юрий Тимощенко 341, Шахир Хахазов 342 дауысқа ие болды.
Айта кетейік, жалпы сайлаушылар саны 446 болса, оның ішінде сайлау бюлетеньдерін алғаны 372 де, ал жалпы берілген дауыс саны жоғарыдағыдай көрсеткіштерге тең болды.
Бейбітшілік және келісім сарайында 7-00-ден бастап сайлау беру учаскесі жұмыс істеді, 11:00-ге таман дауыс беруге Елбасы Н.Назарбаев та келді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы Парламенттегі өздерінің депутаттарына дауыс берді. Бұл бірегей орган, тек біздің елде ғана бар институт, Ол 100 этникалық топ атынан құзыретін жүргізіп отыр, 962 этникалық орталықты құрып отыр. Барлық облыстық Достық үйлері де ҚХА құзыретінде», - деді Елбасы.
«Осыған орай айтатыным, Ассамблея құрылғанына 20 жыл – тыныштыққа 20 жыл, 20 жыл достық пен тұрақтылық жылы. Менің болашаққа аманатым – бірлік пен халық біртұтастығын сақтау. Біз сол кезде мықты боламыз, біздің халықтың бірлігін, біртұтастығын мұра етуіміз қажет. Толағай табыстар мен жетістіктерге жетіп, бар әлем бізді мойындау үшін бірлігімізден айырылмауымыз қажет», - деді Президент.
Сондай-ақ, дауыс беруге Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Сенат Төрағасы Қасым-Жмарт Тоқаев және өзгелер қатысты.
Сессияға еліміздің барлық аймағынан ҚХА делегациясының мүшелері мен аймақтық этномәдени орталық мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғалыми және шығармашылық интелегнция және халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ қатысты.
Индира Кауметова
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет