Елбасы ҚХА атынан түскен депутаттар сайлауына дауыс берді

21 Наурыз, 2016 11:12
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттар сайлауында дауыс берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының  кезектен тыс XXIII сессиясы Астанада өтуе. Күн тәртібінде ҚХА  атынан қатысатын үміткерлер Мәжілістің кезектен тыс сайлауына қатысады. Бейбітшілік және келісім сарайында 7-00-ден бастап  сайлау беру учаскесі жұмыс істейде, 11:00-ге таман дауыс беруге Елбасы Н.Назарбаев та келді.

Сондай-ақ, дауыс беруге Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Сенат Төрағасы Қасым-Жмарт Тоқаев  және өзгелер қатысты.

Сессияға  еліміздің  барлық аймағынан ҚХА делегациясының мүшелері мен аймақтық этномәдени орталық мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғалыми және шығармашылық интелегнция және халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ қатысуда.

Барлық жаңалықтар