- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы сайлау әділ әрі ашық өтті – Германия бақылаушысы
Қазақстандағы сайлау әділ әрі ашық өтті – Германия бақылаушысы
«Мен Германия Парламентінде жұмыс істеймін. Сіздердің елдеріңізде өткен сайлауға халықаралық бақылаушы ретінде қатысқаныма қуаныштымын. Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Дауыс беру барысын бақылау өте қызықты болды. Басқалармен бірге қорытындыны асыға күттік. Менің байқауымша, сайлауға дауыс берушілер көп болды. Сонымен қатар, біз дауыстарды санауға да көмектестік»,-деп атап өтті А. Ян.
Ол сондай-ақ, № 120 сайлау учаскесінде болғанын хабарлады.
«Мен адамдардың аянбай еңбек еткенін көрдім, сайлаушылардың көптеп келгенін байқадым. Мен пікірім бойынша сайлау әділ әрі ашық өтті»,-деп атап өтті ол.
Неміс парламентінің өкілі сонымен қатар, сайлауға әйелдердің көп түскенін байқаған.
«Біздің Парламентте әйелдер 37%, ал, менің білуімше, Қазақстанда 50%-ға жетіп қалатын сияқты. Бұл жақсы үрдіс екен»,-деп бөлісті ойымен.
Андреас Ян бұдан бұрын Албания, Өзбекстан және тағы бірнеше мемлекеттерде бақылаушы ретінде сайлауларға қатысқан.
«Әр мемлекеттің өз ерекшелігі бар. Мен тек Астана қаласында ғана болдым. Ал, Астанада басқа жерлердегі сайлау қалай өтькені туралы ештеңе айта алмаймын әрине. Дегенмен, халық өз таңдауын жасауға ұмтылды. Өйткені дауыс беруге келген сайлаушылар көп болды. Менің ойымша, адамдар шынымен өз ойларын білдіргілері келген»,-деп қорытты сөзін шетелдік бақылаушы.
Еске сала кетейік, кеше, 20 наурыз күні Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен