- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіхалықова: Қазақстанның барлық этностарына парламенттік өкілеттілік кепілдігі қамтамасыз етілген
Г.Әбдіхалықова: Қазақстанның барлық этностарына парламенттік өкілеттілік кепілдігі қамтамасыз етілген
«Кеше Парламент Мәжілісінің 98 депутатын сайлау рәсімі өтті, яғни оларды елдің азаматтар партиялық тізім бойынша таңдады. Ал бүгін жоғары заңнамалық органда Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан 9 депутатты сайлау міндеті тұр. Бұндай құқық Қазақстан халқы Ассамблеясына 2007 жылғы конституциялық реформа бойынша берілген болатын. Осы арқылы елдің барлық этностарына кепілді парламенттік өкілдік қамтамасыз етілген»,-деді Г. Әбдіқалықова.
Бұл ретте Мемлекеттік хатшы Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығы Ассамблеяның айрықша мәртебесін мойындау болып табылатынын, сондай-ақ елдің өмірінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің жоғары рөліне ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.
Сессия жұмысына елдің барлық өңірдерінен, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатарынан құралған ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымнан тұратын делегациялар, ҚР-да тіркелген xалықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ қатысуда. Сағат 07:00-де Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Бейбітшілік және келісім сарайында Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша арналған пунктті ашты.
Айта кетейік, ҚР Парламенті мәжілісінде 107 депутат бар, оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеиясы атынан сайланады. Еске сала кетейік, 2 наурыз күні ҚХА атынан 9 үміткер:
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Егемен Қазақстан» АҚ президенті, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі.
Божко Владимир Карпович – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, «Орыс, славиян және казак ассоциациясы ұйымы» ҚБ-і төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.
Жұмаділдаева Наталья Васильевна - Қызылорда қаласындағы оқушылар және жасөспірімдер үйінің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Ким Роман Ухенович – «Қазақстандағы корей ассоциациясы» ҚБ-ң төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Парламент Мәжілісінің V шақырылым депутаты.
Микаелян Наринэ Гамлетовна - «Луйс Армиян мәдени орталығы» ҚБ-ң төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Мурадов Ахмед Сейдарахманович – «Вайнах шешен және ингуш мәдениетін дамыту ассоциацисы» ҚБ-ң қосалқы төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Парламент Мәжілісінің V шақырылым депутаты.
Нурумов Шаймардан Усаинович – «Қазақстанның республикалық ұйғар этномәдени орталығы» ҚБ-ң төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Тимощенко Юрий Евгеньевич – «Қазақстандағы украин Радасы» төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Парламент Мәжілісінің V шақырылым депутаты.
Хахазов Шакир Хусаинович – «Дүңген этномәдени орталығы» ҚБ-ң мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Индира Кауметова
Фото Бауыржана Жуасбаева
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары