ЕҚЫҰ ПА сайлау учаскелеріндегі кезекті көрді

20 Наурыз, 2016 18:31
Дауыс берушілердің белсенділігі және олардың арасында кезек пайда болуы мені және менің әріптестерімді қатты таң қалдырды. Бұл жөнінде елдегі бүгінгі сайлауға Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы парламенттік ассамблеясының атынан бақылау жасаған РФ Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Владимир Васильев мәлімдеді.

«Жалпы, сайлау жақсы деңгейде өтіп жатыр, барлық процесс заңға сай өтуде және ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Таңертең сайлау учаскелеріне барған уақытта дауыс беру үшін есік алдында топталып жиналып қалған адам қарасы көп болды. Сонымен қатар, менің әріптестерім бұл жағдай барлық дерлік сайлау учаскелерінде орын алғанын атап өтті. Менімен бірге жалпы саны 13 делегат келді. Олардың әрқайсысы кем дегенде 10 сайлау учаскесінде болып қайтты. Олардың барлығы сайлау учаскелері ашылғанға дейін-ақ дауыс берушілер арасында кезек пайда болғанын атап өтуде. Сондай-ақ, сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған», – деген ол сайлау учаскелері ашылатын кезде Қазақстан Республикасының Гимні орындалуы және сәйкесінше сайлаушылардың қолдарын кеуделеріне қойып тыңдауы әдемі көрініс болғанын атап өтті. 

Барлық жаңалықтар