- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының оқушылары «Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын!» атты әскери-патриоттық ойынына қатысты
Жамбыл облысының оқушылары «Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын!» атты әскери-патриоттық ойынына қатысты
« «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шаралар өткізу орталығымен бірлесіп «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын!» атты әскери-партиоттық іс-шара өтізілді. Әскери қызметшілер әскери кәсіпті насихаттауға, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, әскери-қолданбалы спорт түрлерін кең таратуға бағытталған практикалық және оқыту-үйрету сабақтарын өткізіп, оқушы жастарға оқу-жаттығу лагерін ұйымдастырды», - деп хабарламада нақтыланған.
Ауысымға Жамбыл облысының Шу, Қордай, Мойынқұм, Рысқұлов аудандарынан келген 10-15 жас аралығындағы 63 қатысушы тартылды. Тараз қаласының атынан «Бизондар» әскери-тактикалық клубының, «Ұландар» әскери-спорттық клубының, «Тараз барыстары» әскери-патриоттық клубының, «Сұңқар» таулы-егерлік жасағының, «Полиция академиясының» және № 47 мектептің командалары қатысты.
Жарыс бағдарламасына пневматикалық қарудан, шағын калибрлі винтовкадан ату дағдысымен танысу, қоян-қолтық ұрыс және қаруды игеру, арнайы тактика, бүркемелеу, өмірге қауіпті қиын жағдайлардан жол табу негіздерімен танысу, жүзу, картинг жарысы енгізілген. Сондай-ақ тұңғыш рет спорттық радиобайланыс бойынша жарыс өткізілді.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша іс-шара қорытындысы бойынша жастарды әскери-партиоттық тәрбиелеу жүйесін жетілдіру жөнінде кеңестер мен ұсыныстар әзірленетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді