• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Бәшімов: 6 саяси партияның сайлауға қатысуы сайлау үрдісінің ашық әрі бәсекелі екенін көрсетті

М.Бәшімов: 6 саяси партияның сайлауға қатысуы сайлау үрдісінің ашық әрі бәсекелі екенін көрсетті

20 Наурыз, 2016 17:05
6 саяси партияның сайлауға қатысуы сайлау үрдісінің ашық әрі бәсекелі екенін көрсетті, деді Еуропалық құқық пен адам құқығы институтының сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов.

«Барлық партияларға ақпаратқа қолжетімділік бойынша бірдей жағдай жасалды. Ақпарат беру  жоғары деңгейде болды. Call-орталықтарға дейін жұмыс істеп, кез келген азамат сайлау үрдісі туралы ақпаратқа ие бола алатын болды», - деді М.Бәшімов.

Оның айтуынша, аталмыш сайлау барлық халықаралық стандартқа сай өткізілді.

Айта кетейік, 20 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауы өтуде. 

Барлық жаңалықтар