Литва бақылаушысы: Қазақстан халқы сайлауды мереке ретінде қабылдайды

20 Наурыз, 2016 16:37
Қазақстанда бүгін өтіп жатқан сайлауды оң шешім деп санаймын. Бұл жөнінде елдегі бүгінгі сайлауға Литва Республикасынан бақылаушы ретінде қатысып отырған Сейм депутаты, ЕКПА-дағы Литва делегациясының мүшесі Гедиминас Якавонис мәлімдеді.

«Сіздердің елдеріңіздегі биліктің келешекке көз тіккені қуантады және оның ұзақ мерзімге арналған жоспары бар. Қазақстандағы 2050 жылға арналған даму жоспары бұл болашаққа қарай жасалған маңызды қадамдардың бірі. Қазір әлемде бірқатар қиындықтар орын алып жатқан уақыт. Осы орайда, мұнай бағасы төмендеген дағдарысты шақта ел саясатына жаңа құрам, жаңа адамдар қажет екенін түсіне білген Қазақстан Үкіметінің бүгінгі шарасының маңызы зор. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» даму стратегиясын жүзеге асыратын жаңа депутаттар құрамын сайлау жөніндегі шешімін мен дұрыс деп бағалаймын», – деді литвалық депутат. 

Барлық жаңалықтар