• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сайлау комиссиясының кәсібилік дайындығын украиндық бақылаушылар атап өтті

Сайлау комиссиясының кәсібилік дайындығын украиндық бақылаушылар атап өтті

20 Наурыз, 2016 16:09
Сайлау комиссиясының кәсібилік дайындығын украиндық бақылаушылар атап өтті, деді Украинаның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Охендовский ОСК-да.

«Біз барған сайлау учаскелерінде сайлау аса белсенді өтіп жатты. Барлығы бейбіт жоғары ұйымдастырылған. Меніңше, дауыс беру заңнамалық стандарт пен халықаралық деңгейге сай өткізіліп жатыр. Айта кетерлігі, сайлау учаскелерінің кәсіптік дайындығы жоғары деңгейдегі. Барлық комиссия құрамында 7 адам бар», - деді М.Охендовский.

Украина ОСК басшысы атап өткендей, комиссия мүшелері уақытында жұмысқа кірісті.

«Учаскелік сайлаудағы адамдар өздерінің жұмыс көлемімен таныс. Өз міндеттерін тамаша атқаруда», - деді ол.

Украина бақылаушысы бірқатар сәйкес емес жағдайды атап өті.

«Бұл құқықбұзушылық деп айтпас едім. Сайлауалды партиялар мен үміткерлердің бәсең үгті –насихатын атап өтуге болады. Меніңше, бұл сайлау қорытындысына және нәтижесіне еш әсер етпейд», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар