Қазақстанда халықтың 60,22 % өз таңдауын жасады – ОСК

20 Наурыз, 2016 15:16
ОСК сағат 14.00-ге сайлаушылардың келуі 60,22 % құрағандығын жариялады.

«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағ. 14.00 жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың        60,22  %  сайлау бюллетеньдерін алды», - деді Б.Мелдешов.

Ол атап өткендей, Алматы облысы бойынша – 77,16 %, Ақмола облысы бойынша – 69,97  %, Ақтөбе облысы бойынша - 57,01 %,  Атырау облысы бойынша – 65,87 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 56,37 %, Жамбыл облысы бойынша – 63,06 % дауыс берді.

«Қарағанды облысы бойынша – 59,2 %, Қостанай облысы бойынша – 68,17  % , Қызылорда облысы бойынша – 65,69 %, Маңғыстау облысы бойынша  – 51,76  % , Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 68,86%, Павлодар облысы бойынша – 61,77 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 61,2 %», - деді ол.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 66,7 %, Астана қаласы бойынша – 54,71 % , Алматы қаласы бойынша – 21,45 % Дауыс беру барлығы 9840 сайлау учаскесінде өткізілуде.  

 

Барлық жаңалықтар