• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстандағы бизнес-инкубацияның даму мәселелері туралы конференция өтеді

Астанада Қазақстандағы бизнес-инкубацияның даму мәселелері туралы конференция өтеді

18 Қараша, 2013 16:18
20 қарашада Астанада «Қазақстандағы бизнес-инкубация: қазіргі күйі мен даму болашағы» атты республикалық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«USAID макроэкономикалық жобасы ҚР Өңірлік даму министрлігімен біріге отырып Өңірлік даму вице-министрі С.Жұманғариннің төрағалығымен «Қазақстандағы бизнес-инкубация: қазіргі күйі мен даму болашағы» атты республикалық конференция өткізеді», - делінген хабарламада.

Конференция жұмысына облыс әкімі орынбасарлары мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жетекшілері, бизнес-қауымдастық, «Даму» қоры, «Назарбаев Университеті» АҚ мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысады.

Айта кету керек, конференцияда бизнес-инкубацияны құру арқылы Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері қаралмақ.

 
Барлық жаңалықтар