Сайлау заңды түрде өтуде - Драгомир Карич

20 Наурыз, 2016 15:01
Қазақстандағы Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауы заңды түрде өтуде, деді Сербия Халықтық Республикасының депутаты, ҚР-Сербия достық тобының парламенттік мүшесі, танымал кәсіпкер, қоғамдық және саяси қайраткер, «Движение «Сила Сербии» партиясының мүшесі Драгомир Карич.

Сербиялық бақылаушы атап өткендей, сайлауға бақылаушы ретінде бірқатар қатысқандығын атады.

«Таңертеңнен бері мен сайлаушылармен сөйлестім, мен Сербиядан келген депутат ретінде сайлау мереке ретінде қабылданғаны таң қалдырды. Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мен ешбір құқықбұзушылықты байқаған жоқпын. 12-00- ге дейін азаматтардың келуі 40 пайызды құрады, кешкі сегізге дейін бұл сан екі еселенеді. Сайлау заңды түрде өтуде», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін 20 наурыз Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауына дауы берілуде. 

Барлық жаңалықтар