Қырғызстан бақылаушылары сайлаудағы жоғары белсенділікті атады

20 Наурыз, 2016 14:41
ТМД мен ШЫҰ бақылаушылар миссиясының атынан Қырғызстан Республикасында сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссияның мүшесі Рашид Бекбасаров Орталық сайлау комиссиясының брифингі барысында сайлау барысына оң бағасын берді.

«Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аумағында Қырғызстан Республикасынан халықаралық бақылаушы ретінде Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясынан 17 адам жұмыс істеуде. Біз бірнеше сайлау учаскесін аралап, сайлаудың қалай өтіп жатқанын бақыладық. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған деп айта аламыз. Сайлаудан алған әсеріміз жақсы. Мені сағат 7:00 болмай, сайлау учаскелерінің алдында дауыс бергісі келген адамдардың көп жиналғаны таң қалдырды. Жалпы осы сайлауға сайлаушылар белсенді түрде атсалысуда», - деді Р.Бекбасаров.

Атап өтсек, бүгін Латвиядан келген бақылаушылар да сайлау барысына жоғары баға берді.

Барлық жаңалықтар