• Басты
  • Жаңалықтар
  • РФ саясаттанушысы: Қазақстандағы сайлаудағы дауыс беру заңнамаға сай өтуде

РФ саясаттанушысы: Қазақстандағы сайлаудағы дауыс беру заңнамаға сай өтуде

20 Наурыз, 2016 13:36
Қазақстандағы сайлаудағы дауыс беру заңнамаға сай өтуде, деді «Саяси зерттеулер институты» АБҰ бас директоры Сергей Марков.

«Біз 3 сайлау учаскесіне бардық. Кеше де сайлау учаскелерінің дайындығына куә болғанбыз. Біз бірқатар журналистермен және әріптес-бақылаушылармен кездескен едік. Барлығы заңға сай өткізілуде. Жоғары бәсекелестік те көрініп отыр. Олар әр түрлі бағдарламалар ұсынып, қоғамдағы әрбір адам өзінің шешіміне саналы түрде келуіне жағдай жасады. Халықаралық бақылаушылар жұмыс істеу үшін осы елге келді. Мен кезектен тыс сайлау өткізу шешімін орынды деп білемін», - деді С.Марков.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың сайлауы өтуде. 

Барлық жаңалықтар