• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жапония мен Кореядағы шетелдік қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді – СІМ

Жапония мен Кореядағы шетелдік қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді – СІМ

20 Наурыз, 2016 12:41
Жапония мен Кореядағы шетелдік қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді. Бұл туралы ҚР СІМ вице-министрі Роман Василенко Орталық сайлау комиссиясы ұйыдастырған брифингте мәлімдеді.

«Шетелде 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы Астанада Мәжіліс отырысында бекітіліп, жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды. ҚР шетелдегі мекемелерінде құрылған сайлау учаскелері туралы ақпарат, олардың мекенжайы туралы мәлімета алдын ала министрлік сайты мен шетелдегі ҚР мекемелерінің интернет-ресурстарында жарияланды. Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің әлеуметтік желілерінде жарық көрді», - деді Р.Василенко.

СІМ өкілінің айтуынша, сайлау күні шетелдегі сайлаушылар тізіміне 14 мыңға жуық қазақстандық енгізілген. Өткен жылғы Президент сайлауымен салыстырғанда сайлаушылар саны 6 мыңға азайды. Бұл шетелдегі қазақстандықтардың алдағы мереке күндеріне елге оралуымен байланысты.

«Шетелдегі сайлау учаскелері де жергілікті уақыт бойынша таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Уақыт айырмашылығына байланысты алғашқы болып таңғы сағат 4.00-де Токио мен Сеулдегі отандастарымыз дауыс бере бастады. Шетелдегі қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысауда», - деді Р.Василенко.
Оның айтуынша, Астана уақыты бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, шетелде 61 сайлау учаскесі ашылды. Онда 2 мыңнан астам отандасымыз дауыс беріп үлгерді. Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де дауыс беру Бразилияда басталады. Соңғы болып дауыс беру Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада басталады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар