- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД ПАА үйлестірушісі: Қазақстанда сайлау барлық заңнама нормаларына сай өтуде
ТМД ПАА үйлестірушісі: Қазақстанда сайлау барлық заңнама нормаларына сай өтуде
20 Наурыз, 2016 12:13
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы халықаралық стандарттарға толықтай сай өтуде. Бұл туралы Астанадағы «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінің мәжіліс залында өткен брифинг барысында ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА) байқаушылар тобының үйлестірушісі, Әзербайжан Мелли Меджилисі төрағасының орынбасары Валех Алескеров мәлім етті.
«Біз сайлаудың алдында сайлау учаскелерінің жай-күйін тексердік. Оларда барлығы нормаларға сай. Дауыс беру науқаны басталмай жатып, сайлау учаскелеріне көп адам жиналды. Ал учаскелер ашылғаннан кейін дауыс беруге ниет білдірген азаматтар қатары одан да көбейе түсті», – дейді бақылаушы.
Оның айтуынша, ТМД ПАА тобының мүшелері күні бойы Астана, Алматы қалалары мен өңірлердегі сайлау учаскелерінде бақылау жүргізіп, одан соң Қазақстандағы сайлау жөнінде аралық есеп ұсынатын болады. Ол құжат ТМД-ның барлық елдерінің Парламент басшыларына жіберіледі.
Сөз соңында Валех Алескеров өз миссиясы атынан Қазақстан халқына сайлаудың сәтті өтуіне тілегін білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады