Н.Назарбаев: Қазақстан экономикасы тәуелсіздік жылдары 21 есе дами түсті

20 Наурыз, 2016 11:49
Қазақстан экономикасы тәуелсіздік жылдары 21 есеге дамып, халық кірісі 19 есеге өсті, деп Елбасы Н.Назарбаев Оқушылар сарайындағы №81 учаскеде Парламент мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат сайлауында дауыс бергеннен кейін айтты.

«Президенттік жұмыстай қалай жүзеге асқанын өздеріңіз білесіздер, себебі мен әрқашан сіздердің алдындамын. Осы жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаймыз. Қазақстан Кеңес одағы құлдырағаннан кейін экономикалық және саяси жағдайдың нашар қалпына душар болды. Осы жылдар аралығында айтарлықтай ауқымды жұмыс атқарылды», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасы тәуелсіздік жылдары 21 есеге дамып, халық кірісі 19 есеге өскендігін жеткізді.

«Бүгін Қазақстан үшінші әлем елдерінен халық басына шаққанда ЖІӨ-сі 13 мың долларды  құрайтын елдердің қатарына қосылды. Демек, 600 доллардан 13 мың долларға көтерілді. Меніңше, бұл нәтижелі серпін. Біз бұл көрсеткіштке көпұлтты және көпдінді ел болғанымызға қарамастан жетіп отырмыз. Барша халықтың бірлігі  құқықтың сақталуы мен тұрақтылық бұл реформаларды жүзеге асыруға септігін тигізді. Кез келген жас елдің даму кезеңі бар. Америкалық тарихқа 250 жыл толды. Олар әлі де дамып келеді. Біз әйелдер дауыс құқығына ие болмаған кезді білеміз, діндік теңсіздік те болды. Біз  бұл реформаларды мемлекеттілігіміздің 150 жылдығы арқылы жүзеге асырдыұ, ал бізге 25 жыл толып отыр. Сондықтан өзгеру мәселесі әлі де алда. Демократия – жолдың басы емес, демократия – жолдың шарықтау шегі, соңы. Біз заңдарды кезеңдеп реформалап, өзгертіп жатырмыз. Азияда бөлек қарым-қатынас, онда отбасылық қатынас, өзге дін, өзге мүмкіндік, сондықтан барша елдер бір-бірінің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін сыйлап үйренулері керек. Біз әрқашан қозғалыста боламыз», - деді Елбасы.

Айта  кетсек, қазақстандықтар бүгін республика бойынша 9840 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін дауыс береді. Сайлау барысын 817 халықаралық бақылаушы бақылап, 147 шетелдік БАҚ өкілі ақпарат таратып жатыр.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар