- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2016 жылғы сайлауда дауыс берді (ФОТО)
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2016 жылғы сайлауда дауыс берді (ФОТО)
Бүгін елімізде саяси маңызды оқиға – ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр. Ел азаматтары бұл жолы да ерекше белсенділік танытып отыр. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та парламенттік сайлауға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан №81 учаскеде дауыс берді.
«Мен бүгін өзімнің конституциялық құқығымды жүзеге асырдым. Бүгінгі сайлау – Қазақстан тарихындағы маңызды кезең. Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауы кезектен тыс өткізіліп жатыр. 9 мың сайлау учаскесінде маңызды сайлау өткізілуде. 9 млн-нан астам сайлаушы елдің заңнамалық билігін таңдау үшін дауыс береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы атап өткендей, кезектен тыс сайлауды Парламент бастамасымен барша қазақстандықтардың қажеттілігін ескеру арқылы жүзеге асырды.
«Дағдарыстық жағдайды бастан кешіру үшін жаңа, дайындалған, өз ісін білетін депутаттар қажет. Олар жаңа заңдарды қабылдайды. Өткен жылы институционалдық реформалар бойынша 59 заң қабылданғанын білесіздер. 1 қаңтардан бастап бұл заңдар өз күшіне енді. Бүгінгі сайлауға барша 9,5 млн сайлаушы толықтай келіп, өз таңдауларын жасайды деген үміттемін. Парламент пен жергілікті мәслихаттар жаңа мақсаттарды алға қойып отыр. Олар бірлікті, тұрақты, толеранттылықты, заң төрелігін алдына қоятын есепті мемлекет қалыптастыруда еңбек етеді», - деді Елбасы.
Айта кетсек, қазақстандықтар бүгін республика бойынша 9840 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін дауыс береді. Сайлау барысын 817 халықаралық бақылаушы бақылап, 147 шетелдік БАҚ өкілі ақпарат таратып жатыр.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай