• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандағы сайлауға келушілердің белсенділігі бойынша Қостанай облысы көш бастады

Қазақстандағы сайлауға келушілердің белсенділігі бойынша Қостанай облысы көш бастады

20 Наурыз, 2016 11:28
ОСК 2016 жылдың 20 наурызындағы сайлаудың сағат 10.00-ге сайлаушылардың келуі туралы ақпаратын жариялады.

“Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағ. 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың        17,57 %  сайлау бюллетеньдерін алды”, -- деді ОСК мүшесі Л.Сүлеймен.   

Олардың ішінде: Алматы облысы бойынша -   23,22 %, Ақмола облысы бойынша –   20,89  %, Ақтөбе облысы бойынша -     14,31 %, Атырау облысы бойынша –    11,88 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 10,75 %

Оның айтуынша, Жамбыл облысы бойынша –   19,3 %, Қарағанды облысы бойынша –  18,78 %, Қостанай облысы бойынша –    24,85  % , Қызылорда облысы бойынша –  19,83 %, Маңғыстау облысы бойынша  – 15,23  % , Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 12,86 %, Павлодар облысы бойынша –  18,97  %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –  23,85 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 24,31 %, Астана қаласы бойынша –  20,65 %, Алматы қаласы бойынша –  6,94 %  дауыс берді.

Дауыс беру барлығы 9840 сайлау учаскесінде өткізілуде.  

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар