• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ОСК: Күн қорытындысында сайлауға сайлаушылардың келуі жөніндегі алдын ала деректер жарияланады

ҚР ОСК: Күн қорытындысында сайлауға сайлаушылардың келуі жөніндегі алдын ала деректер жарияланады

20 Наурыз, 2016 09:37
ОСК баспасөз орталығанда ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі мен халықаралық бақылаушылардың брифингі өтеді. Шамамен сағат 22.30-да ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың брифингі болады. Оның шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауға сайлаушылардың келуі жөніндегі алдын ала деректер жарияланады.

«Бақылаушыларға сайлау процестерінің барлық кезеңдеріне кедергісіз мониторинг жүргізу үшін барлық жағдай жасалды. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға 817 халықаралық бақылаушы аккредиттелді. Сондай-ақ, сайлауды халықаралық бақылауға шетелдік БАҚ-тың аккредиттелген 147 өкілі қатысады. Сайлауға барлығы 964 халықаралық бақылаушы мен шетелдік БАҚ өкілі қатысады. Сонымен қатар, тұтастай дерлік сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірген адамдары мен қоғамдық бірлестіктердің бақылаушылары бақылайды», - деді Б.Мелдешов.

Оның айтуынша, ОСК баспасөз орталығанда ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі мен халықаралық бақылаушылардың брифингі өтеді. Шамамен сағат 22.30-да ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың брифингі болады. Оның шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлайға сайлаушылардың келуі жөніндегі алдын ала деректер жарияланады.

Аталған сайлаулар еліміз үшін маңызды саяси оқиға болып табылады. Сайлау және тиісті мемлекеттік органдар ұйымдастырушылық, материалдық--техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады.Қажетті құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер, әдістемелік құралдар мен түсіндірмелер уақтылы дайындалды.Барлық сайлау комиссиялары дауыс беруге және дауыстарды санауға толық дайын.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар