Бүгін Қазақстанда парламенттік сайлау өтуде

20 Наурыз, 2016 09:02
Қазақстанда ҚР Парламенті төменгі палатасының депутаттары мен жергілікті мәслихаттарға сайлау басталды.

Бүгін, 20 наурыз 7.00-ден  20.00-ге дейін  9840 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау өтеді.

Мәжілістегі депутаттық орынға «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Ауыл»  халықтық-демократиялық партиясы, Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясының үміткерлері қатысады. 98 депутатты халық сайласа, 9 депутаты- ҚХА атынан, Мәжілісте барлығы 107 депутаттық орын.

Айта кетейік, сайлауды ұйымдастыруға 13 мыңнан астам сайлау комиссиясы жұмылдырылды.

Сайлау үрдісін 817 шетелдік бақылаушы бақылайтын болады. Сыртқы істер министрлігі тағы 147 шетелдік БАҚ өкілдерін тіркеді. Барлығы 964 халықаралық бақылаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат қралдары тіркелді.

ОСК мәліметінше, Мәжіліс депутаттарының сайлау қорытындысы 27 наурызға жетпей жарияланады. БАҚ-та ақпарат 2016 жылдың 30 наурызына дейін шығады.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар