- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның электронды үкіметі салық төлеушілер акциясының қорытындысын шығарды
Қазақстанның электронды үкіметі салық төлеушілер акциясының қорытындысын шығарды
«Салық төле де, сыйлық ал» акциясы 2013 жылдың 3 қыркүйегінде басталған. Оған биыл egov.kz порталы арқылы салық төлейтін электронды үкімет порталының кез келген қолданушысының қатысуына мүмкіндік берілді. Шамамен 200-дей құнды сыйлықтар ойнатылды, атап айтар болсақ, 16 планшетті компьютер, 16 сандық фотоаппарат, 16 смартфон, 150 картридер. Ұтыс ойындары әр күзгі айдын 18-інші жұлдызында өткізілді.
«Финалдық ұтыс ойындарының қорытындысы бойынша, 16 смартфон мен 50 картридер иелері анықталды. Қатысушылардың барлығы 2013 жылы көлік, жер мен мүлік салығын аталмыш портал арқылы төлеген», - делінген хабарламада.
Шараға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар ат салысты. Ол үшін бар болғаны жергілікті ХҚКО-нан видеоконференцбайланыстан өту керек болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақырғы ойындарда ең көп белсенділік танытқандар Маңғыстау облысының тұрғындары болды. Ал бірінші және екінші кезеңдерде Ақтөбе мен Қарағанды облыстарының азаматтары белсенділік танытқан болатын. Осынау үш кезеңде жалпы саны 1000 е-үкімет қолданушысы акцияға ат салысқан.
Айта кету керек, акцияны ұйымдастыру кезінде е-үкімет порталының қолданыс аясы өткен жылғы уақытпен салыстырғанда 7 есеге дейін артқан. Сонымен қатар, төлем сомасы да көбейіп, 2012 жылдың 3 қыркүйек пен 18 қараша аралығында 10 996 858 теңге салық түссе, ал биылғы жылы дәл осы уақыт аралығында бұл көрсеткіш 81 115 286 теңгеге жеткен.
Төленген салықтың көп бөлігі көлік салығына тиесілі. 2012 жылы портал арқылы 53 953 131 теңге, 7 530 транзакция түскен. 2013 жылы жыл басынан бастап 17 қарашаға дейін бұл көрсеткіш 197 515 005 теңге, 30 800 транзакцияны құраған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер