• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алдағы сайлау қазақстандық қоғамның дамуында саяси негізді нығайтады – Украинаның делегациясы

Алдағы сайлау қазақстандық қоғамның дамуында саяси негізді нығайтады – Украинаның делегациясы

19 Наурыз, 2016 19:34
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Украина делегациясының халықаралық өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында украиндық делегация ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауының дайындық жұмыстарымен танысытырылды, сонымен қатар екіжақты сайлау органдырының алдағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

«Украинаның сайлау комиссиясы атынан айтатыным: мен қазақстандық әріптестерімді ынтымақтастықты кеңейту үшін шақырдым. Көбінесе, Украина сайлау туралы сайлаушылар тізімін қалыптастыруда электрондық тізілімін ұзақ уақыт пайдаланған және біз міндетті түрде өзіміздің тәжірибемізбен ҚР ОСК-мен бөлісеміз»,-деді Украинаның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Охендовский.

Оның айтуы бойынша, Украина сайлаушылардың электронды тізілімін қолдану дауыс беру кезінде сайлаушылардың тізімін нақты білуге көмектеседі – 99,9 пайыздық деңгейде.

«2012 жылдан бастап бұл тізілім толықтай қолданыла бастады. Дауыс беру кезінде сайлаушылардың тізіміне шағым болмады»,-деді ол.

Сонымен бірге халықаралық бақылаушы алдағы болатын сайлау қазақстандық халықтың гүлденуінің және ел арасында халықтардың бірлестігінің септігі болатындығын атап өтті.

«Ең бастысы, Қазақстан халқы болып саналады және ол болашақта қазақстандық қоғамның экономикалық және саяси негіздерінің нығаюына септігін тигізеді»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар