• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан демократиялық жүйені толық жүзеге асыру жолында-халықаралық бақылаушылар

Қазақстан демократиялық жүйені толық жүзеге асыру жолында-халықаралық бақылаушылар

19 Наурыз, 2016 18:27
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Австрия мен Литваның халықаралық делегация өкілдерімен кездесті.

«Сайлау үрдісімен бізді хабарландырды, сондай-ақ алда болатын сайлау туралы маңызды мәселелерді талқыладық. Қазақстан демократиялық жүйені толық жүзеге асыру жолында тұр. Біз ОСК отырысының қалай өтіп жатқандығын талқыладық, сондай-ақ халықаралық бақылаушылардың қатысуын, яғни сайлауды қалай бақылайтындарын және дауыс қалай берітлетіндігін, партиялардың қызметі, БАҚ-та олардың жұмыстары қалай жариялатындығы. Ертен учаскілерде болуда, сайлаудың қалай өтіп жатқандыңын қарап, дауысты санауды жоспарлаудамыз»,-деді Австрияның халықаралық бақылаушысы Вальтер Швиммер.

Өз кезегінде, Литва Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зенонас Вайгаускас барлық елдер арасында сайлау өткізу бойынша тәжірибе алмасу маңызды екендігін атап өтті.

«Біз сайлауға дайындық қалай өтіп жатқандығын талқыладық, 9 қазанда Литваның парламенттік сайлауы өтеді. Мен бұл жерде ҚР ОСК шақыртуымен келдім және сайлаудың ұйымдастырушылығымен, техникалық сұрақтармен танысуға келдім»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар