- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ОСК кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізуге толық дайын екендігін мәлімдеді
Қазақстанның ОСК кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізуге толық дайын екендігін мәлімдеді
Ортсайлаукомның хатшысы Бахыт Мелдешов барлығы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде 13 399 сайлау комиссиясы жұмылдырылғандығын хабарлады. Олардың ішінде – 9 840 учаскілік сайлау комиссиясы, 171 аудандық, 37 қалалық, 16 облыстық, Алматы мен Астана қалалалы аумақтарының сайлау комиссиясы, сонымен қатар аудандық мәслихат сайлауы бойынша 2 160 округтік сайлау комиссиясы , қалалық мәслихат сайлауы бойынша 625 округтік сайлау комиссиясы және облыстық мәслихат сайлауы бойынша 550 округтік сайлау комиссисы. Жалпы олардың құрамы 93 мың адамды құрады. Олардың барлығы оқытудан өтті. Электоралды компания кезінде барлық аумаұтық сайлау комиссиясымен 900 семинар, жиналыстар, тренингтер мен басқа да шаралар өткізілді. Ортсайлаукоммен үш республикалық семинар ұйымдастырылды: сайлауға қатысатын сайлау ұйымдастушыларына, БАҚ өкілдеріне және саяси партияларға.
Сонымен қатар, Ортсайлауком барлық сайлаушыларды тиісті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етті. Көбіне, ҚР ОСК тапсырысы бойынша 8 видео ақпараттық плакаттар және 14 жазбалар, оқулықтар, жинақтар және басқа да құралдар аумақтық, округітік және учаскілік сайлау комиссияларына, саяси партиялар мен олардың агенттіктеріне, мәслихат депутаттығына кандидаттарға, бақылаушыларға, БАҚ өкілдеріне және т.б жасалды.
Учаскілік сайлау комиссиясына аранайы «Сайлау кезінде дауыс беру ережесі» атты аранайы оқыту фильмі дайындалды және олар барлық аумақтық, округтік, учаскілік сайлау комиссияларына таратылды.
Сайлау комиссияларының қатысушылары керекті құжаттар және жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сайлау бюллетендері сайлау учаскілеріне жеткізілді. Қазіргі таңда сайлау күніне белсенді дайындық жүргізілуде.
Бұның барлығымен сайлаушылардың тізімін нақтылау жұмыстары да жүргізілуде. 2016 жылдың 1 қаңтар жағдайына орай олардың тізіміне 9 791 165 адам қосылды.
«Сайлау күні сайлаушы еліміздің кез-келген сайлау учаскісінде дауыс беру үшін, дауыс беру үшін есептен шығару құжатын алу керек. Сайлаушылар оны 19 наурыз сағат 18,00-ге дейін жасай алады. Айта кетейін, дауыс беру кезінде сайлау округінде немесе басқа елді мекеннің сайлау учаскісінде дауыс бергісі келетін сайлаушыға есептен шығару құжаты берілмейді. Өйткені Парламент Мәжілісінің сайлауы кезінде, партиялық тізімдер бойынша сайланатын, сайлау округі еліміздің бүкіл аумағы болып табылады, сол себепті шығару құжатын алған сайлаушы елдің барлық жерінде дауыс бере алады. Ал мәслихат депутаттығына кандидаттар тек өздерінің сайлау округі аясында дауыс бере алады,-деді Ортсайлауком хатшысы.
Айта кетейік, дауыс беру 20 наурыз сағат 7,00-ден сағат 20.00-ге дейін 9 840 сайлау учаскісінде өтеді. Болатын сайлауға бақылау жұмысын 817 шетелдік мемлекеттік бақылаушылар және халықаралық ұйымдар жүргізетін болады. Осымен қатар, ҚР СІМ-мен шетелдік БАҚ-тың 147 өкілі аккредитталды.
Осылайша, қазіргі күні барлығы 964 халықаралық бақылаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралы аккредитталды.
Индира Қауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде