• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үнді бақылаушылары мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беру процесіне қызығушылық танытты

Үнді бақылаушылары мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беру процесіне қызығушылық танытты

19 Наурыз, 2016 13:18
ҚР Сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Үндістанның Мадхья Прадеш мемлекет сайлау басшысы Салин Сингхпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сайлауға дайындық жұмыстары мен оны өткізу мәселелері талқыланды. Үнді жақ сайлаудың өту процесіне қызығушылық білдірді, өйткені Үндістан сайлау өткізу жағынан ерекшеленеді.

«Мен осындай әсем елге бақылаушы ретінде келгеніме қуанамын. Көптеген сұрақтар маған қызығушылық ұялатты, мысалы, біз электронды нұсқада дауыс береміз, ал Қазақстанда қағаз бюллетендері бар және осының барлығын білу маған қызық. Сайлау күні бірнеше сайлау учаскілерінде болуды жоспарлап отырмын. Содан кейін өз көзіммен процестерді көргеннен кейін, өзіме пайдалы нәрсе табамын»,-деді С.Сингх.

Осыған орай үндістандық делегация мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беру процесіне қызығушылық танытты.

«Мен сайлаудың құрылымымен өте терең таныспын, алайда өзім үшін мүмкінідігі шектеулі жандарға да дауыс беру жағдайын жасау процесін бекітіп қойдым және оларға сайлау учаскісін үйлеріне апару процесін бақылағым келеді, өйткені Үндістанда осындай мүмкіндіктер жоқ»,-деді ол.

Сонымен қатар, үндістан делегациясының басшысы сайлауда сайлаушылардың саны сайлауалды науқанның жақсы өтуіне байланысты деп атап өтті.

Сөз қорытындысында С.Сингх Үндістанның Қазақстанмен тура ынтымақтастық жасасуына дайын екендігін айтты.

«Бірігіп түрлі зерттеулер жасап, ынтымақтастық жасағымыз келеді. Өйткені Үндістан мен Қазақстан тарихи жағынан қатты байланысты, сондай-ақ, жалпы Қазақстан маған үлкен әсер қалдырды, бұл қала тарихымен бай және бұл жерде әдемі ғимараттар бар. Әрине, көптеген әдемі жерлерде болғым келеді»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар