Сайлауалды процесі халықаралық талаптарға сәйкес өтті – РФ делегациясы

19 Наурыз, 2016 11:38
Ортсайлаукомда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшылығы Ресей Орталық сайлау комиссиясының делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар ОСК алдағы болатын сайлаудың еркін, бәсекелесті және ашық негізде өтуіне барлық жұмыстарды жасағандығын айтып өтті.

«Бір жыл бұрын ҚР Президентінің сайлауында болдық және ол кезде Қазақстанның сайлауға белсене қатысатындығына көз жеткіздік», деп Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының делегациясының басшысы Сиябшах Шапиев айтты.

Сонымен қатар, С. Шапиев сайлауалды процесінің жұмысы құқық және халықаралық стандарттарға сәйкес өткендігін айтты.

«Алдағы сайлауда 6 саяси партия қатысады. Органның бір орнына кем дегенде 3 үміткер бар. Жалпы, алда болатын сайлау Қазақстанның прогрессивті  дамуын көрсететін болады»,-деді ол. 

Барлық жаңалықтар