ТүркПА: Парламенттік сайлау Қазақстанның болашағы үшін маңызды

18 Наурыз, 2016 17:48
Парламенттік сайлау Қазақстанның болашағы үшін маңызды, деп Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының мемлекеттік мүшесыінің бақылаушы делегациясы мүшесі, Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының орынбасары Халюк Ипек Ортсайлаукомның брифингі барысында айтты.

«Бақылау барысында, барлық кандидаттар өз үгіт жұмыстарын заңға сәйкес орындап жатқандығын байқыдық. Барлық сайлау учаскілері керек техникамен жабдықталған және біздің жұмыстарымыз үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына дейін президенттік сайлауды өткізді, ендігі кезде депутаттар сайлауын өткізуде»,-деді Халюк Ипек.

Оның айтып өткеніндей, жыл сайын сайлаушылар саны өсуде, «біз 20 наурызда өтетін сайлау демократиялық принципте өтеді деп сенім білдіреміз».

«Айта кетейік, бұл сайлау Қазақстанның болашағына аса маңызды. Сайлау қорытындысы бойынша өз мәлімдемемізді айтамыз»,-деп қорытындылады бақылаушы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар