- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтіп жатқан көрме-жәрмеңкеде 100-ден астам қолөнер шеберлері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындаған өз өнімдерін көрсетуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанада өтіп жатқан көрме-жәрмеңкеде 100-ден астам қолөнер шеберлері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындаған өз өнімдерін көрсетуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)




Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – халқымыздың қоөнер дәстүрін сақтау мен танымал ету, Қазақстан қолөнер шеберлерінің әлеуетін әйгілеу, ниеті барларын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатыстыру.




«Бүгін басталған бірінші республикалық көрме-жәрмеңке қазақстандық қолөһнер шеберлерінің әлеуетін байқау ұшін ұйымдастырылып отыр. Біз олардың көптігіне көз жеткіздік. Біз сондай-ақ, БҰҰ даму бағдарламасының 10 жылдан астам уақыт біздің қолөнер шеберлеріне көмектесіп, қолдау білдіріп жатқанын және соның нәтижесінде аймақтарда мықты шеберлер шығып отырғанын білдік. Олар күні кеше ғана ештеңе жасай алмайтын, оларға шеберлік сабақтарын өткізіп, түрлі шаралар ұйымдастырғанның нәтижесінде олардың өздері жұмыс орындарын құрып жатыр. Осындай қолдау бағдарламасының арқасында қолөнер шеберлерінің аясы кеңейген»,-деді «EXPO&Women» Халықаралық ұйымының директоры Салтанат Рахымбекова.






Іс-шара барысында ЭКСПО-2017 көрмесі үшін «Ұлы дала өнері» атты ең үздік кәдесыйлар республикалық байқауы жарияланды.
«Бүгін 100 қолөнер шебері өз тапсырыстарын берді. Бұл «Ұлы дала өнері» республикалық қолөнер шеберлерінің байқауын ұйымдастырумызға үлкен шабыт берді. Осы байқау аясында үздік жұмысты таңдау үшін көмектесетін әділ қазылар іздейміз. Содан кейін үздік жұмысты олардың келісімі арқылы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына ұсынатын боламыз. ЭКСПО қалашығында өтетін жәрмеңкелерде шеберлердің жұмыс істеуіне мүмкіндіктер қарастыратын боламыз. Қолөнер шеберлері бінеше іріктеуден өтетін болады. Өйткені олардың жасаған бұйымдары сапалы болуы керек. Ол қолөнер бұйымдары халқымыздың мәдениетінен хабар беретін дүние болғандықтан сапалы болғаны абзал. Біз шеберлерге талап қоятын боламыз. Өнімнің бірегейлігі, сапасы және біздің дәстүрімізге сай болуы керек. Бұл өте маңызды. Өйткені осы бұйымдар арқылы Қазақстан халқы жайлы хабар береміз»,-деп түсіндірді ол.








Айта кетейік, көрме-жәрмеңке аясында ниет танытқандарға бейнелеу өнерінен шеберлік тәжірибесі өткізіледі. Ағаш оюдан, киізбен жұмыс жасаудан, себет тоқудан және қыш бұйымдарын жасауды меңгеруге болады
Анар Тәңірқұлова
Фото Азамат Алиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді