- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді енгізу сұрақтарын талқылады
Астанада дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді енгізу сұрақтарын талқылады
«Мемлекеттік дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласында жаңадан әзірленіп жатқан заң жобасының негізгі ережелері талқыланды», - деп хабарламада нақтыланған.
Жаңа жобасы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу арқылы адамның жеке басын сәйкестендіру жұмысын жаңа сапалы деңгейге көтеру қажеттілігінен туындап отыр.
Заң жобасы дактилоскопиялық және геномдық деректер негізінде нақты бір адамның жеке басын дәл анықтауға және осы ақпаратты тек құқық қорғау органдарының мүддесіне ғана емес, көптеген өзге де салаларда (әлеуметтік, банк, көлік және коммуникация, рұқсат алуды бақылау) пайдалануға мүмкіндік береді.
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуден өткізу - әрбір адамға жазатайым оқиғалар, табиғи апаттар (су тасқыны, жер сілкіну, өрт) және әуе, темір жол апаттарында кез-келгеннің жеке тұлғасын анықтауға кепілдік береді. Есінен танып, санасынан адасқандарға да оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Бұған қоса, адам өзі туралы қандай да бір мәлімет хабарлауға шамасы келмеген жағдайда, орталықтандырылған деректер базасы жоғалып кеткен отбасы мүшесін анықтауға көмектеседі.
Халықаралық тәжірибе дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің кеңінен қолданылып отырғанын көрсетеді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар үшін дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласында заң жобасын әзірлеу жөніндегі практикалық және заңнамалық ұсынымдар қабылданды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар