• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру 45,3 млрд текше метрді құрады

Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру 45,3 млрд текше метрді құрады

18 Наурыз, 2016 16:11
Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру 45,3 млрд текше метрді құрады, яғни 2014 жылмен салыстырғанда оның көлемі 5 %-ға артты. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің директоры Ғалым Нұрғазиев ОКҚ-да баспасөз-конференциясында хабарлады.

«Тәуелсіздік жылдар ішінде Қазақстан газ өндіруді  5,5 есеге өсірді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру 45,3 млрд текше метрді құрады, яғни 2014 жылмен салыстырғанда оның көлемі 5 %-ға артты. Сонымен қатар 200 жылдың көрсеткішінен 3,5 есе артық және 1991 жылы өндірілгеннен 5,5 есе. Онымен қоса газ экспортының көлемі артты – 2015 жылдың газ экспортының қорытындысы 12,7 млрд текше метрді құрады, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары, ал 200 жылдың дәрежесінен 3,5 есе жоғары, ол жылдары барлығы 3,4 млрд текше метр экспортталды»,-деп хабарлады ол.

Ғ.Нұрғазиевтің айтуынша, газдың ішкі тұтынудында өсудің елеулі үрдісі бар.

Оның айтуы бойынша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта газ тұтыну 12,1 млрд текше метрді құрады, бұл 2000 деңгейіне қарағанда 2,2 есе жоғары.

 

Барлық жаңалықтар