- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік ел» мамандандырылған пойызы Алматы қаласының соңғы станциясына келді (ФОТО)
«Мәңгілік ел» мамандандырылған пойызы Алматы қаласының соңғы станциясына келді (ФОТО)
«33 күн ішінде біздің пойыз 11 мың шақырым жол жүрді, 33 елді мекенде болды және олардың ішінде үлкен қалалалр мен шағын елді мекендер болды. Өз шарамызбен 55 мыңнан астам азаматты қамтыдық, олардың ішінде «Мәңгілік ел» пойызының медицина мамандарына 13 мыңы жүгінді»,-деп мамандандырылған пойыздың бастығы Руслан Барбасов айтты.
Министрліктің өкілдері мен ҚР ведомстволары Алматы қаласының тұрғындарымен штаттық режимде кеңес беру жұмыстарын өткізді, ал пойыз дәрігерлері, Астана мен Алматы қалаларының жетекші мамандары қала ауруханаларында тегін кеңес ұйымдастырды.
Р.Барбасовтың айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жоғары қызмет көрсетуі, «Мәңгілік ел» пойызы қызметкерлерінің күш-жігері арқасында барлық жолды өтіп, бекітілген кесте бойынша барлық станцияларда уақытылы болды.
«Бұл теміржолшылардың жасап жүрген күнделікті жұмысы. Әрбір станцияда жолаушыларды жарықпен және электрмен қамтамасыз ету үшін аккумуляторды зарядтаймыз және көмірді толықтырып, су құямыз. Бұл пойызда ыңғалылық үшін крандардан суық су мен ыстық су ағып тұрады. Темір жолдың аймақтық басшылық бөлімі осы жағынан өздерін жақсы көрсете білді»,-деді ол.
Айта кетейік, Алматы осы жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуден бөлек, өзінің жеке мерекесі – 1000 жылдығын атап өтеді. Бұл ЮНЕСКО-ның Мерейтойлық күн тізіміне енгізілген. «Мәңгілік ел» пойызының өкілдері қаланың тұрғындарын атаулы күндерімен құттықтап, гүлденуі мен одан әрі дамытуна тілек білдірді.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары