• Басты
  • Жаңалықтар
  • Малайзия Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін қолдануды жоспарлап отыр

Малайзия Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін қолдануды жоспарлап отыр

18 Наурыз, 2016 15:19
Малайзия Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін қолдануды жоспарлап отыр. Бұл туралы Млайзия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мохд Хашим Абдулла ҚР ОСК-да өткен брифингте айтты.

«ҚР сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездестік. Біз онда сайлау саласы бойынша ынтымақтастықтың болашағы туралы ақылдастық. Бізде, Малайзияда халықтың аз бөлігі, тек 65 пайызы ғана дауыс береді. Ал бұл жайт біздер үшін проблема болып отыр. Сондықтан сіздердің шақыруларыңызды қабыл алып, Қазақстанға келдік және тәжірибе алғымыз келеді. Біз Орталық сайлау комиссиясына бағытталатын теріс сындарды жоюды үйренуге ниеттіміз. Сонымен қатар, халықты дауыс беруге қалай үйрету керектігін де сіздерден білмекпіз», - деді Малайзия ОСК-ң төрағасы.

Мохд Хашим Абдулла Қазақстанға тұңғыш рет келіп отырғанын және сайлауды бақылаудан басқа еліміздің мәдениетімен де кеңінен танысуды жоспарлағанын атап өтті.

«Мен тек қана сайлауға бақылаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар сіздерден тәжірибе алу үшін келдім. Дауыс беретін күні сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру үрдісін көремін. Сонымен қатар, қорытынды бойынша дауыстарды санау процесін де бақыламақшымын»,-деді  Малайзия ОСК-ң төрағасы.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар