- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорданың 120 жас отбасысы мен 60 апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындары баспаналы болды (ФОТО)
Қызылорданың 120 жас отбасысы мен 60 апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындары баспаналы болды (ФОТО)
Наурыз мерекесінің қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінде апаттық жағдайдағы үйдің орнына салынған тұрғын үйдің кілттерін салтанатты түрде тапсырды.
“2014 жылдың қорытындысымен 264 пәтердің кілтін тапсырған болсақ, өткен жылы 2684 отбасы баспаналы болды. Нәтижесінде бір жылдың ішінде қалада пәтер кезегінде тұрғандардың 17%-ы үй алды. 53 көпқабатты үй салдық, биыл 67 тұрғын үйді салып, пайдалануға береміз. Кезегін күтіп жүрген халықтың 24,3%-ы осы жылы пәтер алғалы отыр. 2 жылда үй кезегінде тұрғандардың 41%-ын баспанамен қаматамасыз ететін боламыз. Бұл үлкен жетістік. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, Ұлыс оң болсын”, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
“Отбасымызбен 12 жыл апаттық үйде тұрдық. Бүгінгі қуанышымды айтып жеткізе алар емеспін. Жаңа баспана алуға үмітіміз болғанымен, қолымыз жетпей қалады ма деген күмәннің басым болғанын жасырмаймын. Елбасының қолдауымен арманымыз орындалып жатыр. Барлық үйлі болып жатқандарды қуаныштарымен құттықтаймын”, - деді қала тұрғыны Әмина Ғаниева.
Сондай-ақ Титов мөлтек ауданында 120 жас отбасы пәтер кілтін алды. Мемлекеттің қолдауының арқасында үйлі болған жастар Елбасына алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.
Жалпы 2013 жылы Қызылорда қаласында 25 апаттық үй тіркелген. Осы мәселені шешу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен 60 пәтерлік 5 үй, 100 пәтерлік 1 үйдің жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Қазіргі таңда апатты үйлердің орнына салынған 144 пәтер пайдалануға берілді. Енді 100 пәтерлік 1 үйдің және 60 пәтерлік 2 үйдің құрылысы биыл басталып, 2017 жылы іске қосылады. Осылайша, келесі жылы Қызылорда қаласындағы апатты үйлер мәселесін толығымен шешу жоспарланып отыр.
Айта кету керек, соңғы жылдары Сыр өңірінде тұрғын үй құрылысы көлемі күрт өсті. Мемлекет қаржысы есебінен салынатын тұрғын үй көлемі облыс бойынша 2015 жылы 3,5 есеге, ал Қызылорда қаласындағы тұрғын үй құрылысы – 8 есеге артты. Нәтижесінде пәтер кезегінде тұрғандар саны 17%-ға азайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер