ҚР ЕХӘҚМ «Кәсіподақтар туралы» заң жобасын таныстырды

18 Қараша, 2013 14:58
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында «Кәсiптiк одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы және оның ілеспелі заң жобасы бойынша тұсаукесері өтті, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұсаукесер барысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенова әзірленген «Кәсiптiк одақтар туралы» Заң жобасы әлеуметтік әріптестердегі  кәсіподақтардың рөлін жоғарылатуға, әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алуға, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталғанын атап өтті», - деп хабарламада нақтыланған.

Кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша заңнамалық базаны жетілдіру қызметкерлердің лайықты еңбек долында прогреске дету және Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.

Заң жобасының негізіне кәсіподақтаратынан «мықты әлеуметтік әріптес» үлгісі енгізілді. Заң жобасында әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі кәсіподақтардың мәртебесін, қызметін айқындау қарастырылады. Кәсіподақ жарғысына қойылатын міндетті талаптары, кәсіподақтардың құқықтары, олардың міндеттерін заңнамада бекітіледі.

Заң жобасы әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде  кәсіподақтарға мүшелікті ынталандыруды күшейтудің құқықтық негізін:кәсіподақтардың жұмыскерлер мүдделерін білдірудегі және келіссөздер жүргізудегі  басымдылығын белгілеу; әлеуметтік әріптестік комиссияларының  уәкілеттіктерін және келісімді реттеу нысанын еңбек қатынастарын  реттеу деңгейлері бойынша  кеңейту; кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік деңгейлері бойынша міндетті қауымдасуы (мүшелігі) арқылы құрады.

Барлық жаңалықтар