- Басты
- Жаңалықтар
- Латвия ОСК-ң ьасшысы барлық қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды
Латвия ОСК-ң ьасшысы барлық қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды
«Қазір ғана Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясымен кездестім. Маған барлық сайлау учаскелердің алдағы сайлау науқанына толығымен дайын екендігін айтты. Ең бастысы, дауыс беруге құқы бар әрбір қазақстандықтың сайлауға қатысуы барынша маңызды», - деді А. Цимдарс.
Оның айтуынша, ол дауыс беру күнінде Астананың бірқатар сайлау учаскесінде болатындығын атап өтті.
«Салыстырмалы түрде қарағанда және маған да үгіт компаниялары бұл жолы тыныш өтіп жатқан сияқты көрінеді. Көшелерден де аса қатты байқалмайды. Әрине, мен компания жұмысын әлеуметтік желілер арқылы бақылай алмаймын және жергілікті медиа да маған қол жетімді емес. Дегенмен, барлығы өз кезегімен өтіп жатқан сияқты көрінеді. Әрине, кезектен тыс сайлаудың өзіндік ауыртпалығы болады. Бұл сайлауды ұйымдастырушыларға да оңайға соқпайды. Менің әріптестерім бұл істі ойдағыдай атқарады деп үміттенемін»,-деді Латвия ОСК-ң төрағасы
Сайлау қандай саяси маңызға ие болса да, қаржы мәселесі көлденең шығатыны жасырын еемес.
«Сайлаудың ең біріншіден саяси мәні бар болғанымен қаржылық жағдайды да қаперге алған орынды. Егер, қаржы үнемдеу мақсатында сайлауларды біріктіру қажет болса, онда мұндай қадамға барған жөн. Латвияда да бұл тәжірибе қолданылған. Бұл өз кезегінде қиындықтар тудыруы мүмкін. Бұның артықшылығы да бар, сонымен қоса тәуекел де бар. Қос сайлауды өткізуде қандай да бір қателіктер кетуі мүмкін. Сондықтан мен аралас сайлауға өте мұқият көзқараспен қараймын. Егер мүмкіндік болып жатса, әрине бөлек өткізген дұрыс сайлауды. Әрине, ондай мүмкіндік болмаса, оған нақты дәлелдер келтірілсе, онда бірге өткізуге болады», - деді Ц.Арнис»
Ботагоз Айтжанова
Сурет: автор
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Sailau Talks 2021: «Халықтың 63 %-ның сайлауға қатысуы - шындыққа жақын көрсеткіш» -
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады