• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясы аясында ІӘМ бағдарламасы жаңартылды

2016 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясы аясында ІӘМ бағдарламасы жаңартылды

18 Наурыз, 2016 14:09
2016 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясы аясында ІӘМ бағдарламасы жаңартылды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясы барысында айтты.

«Көп жаңалық бизнес-білім бойынша оқығысы келетіндерге, ІӘМ дәрежесін алғысы келетіндерге арналады және осы жылы бағдарлама жаңартылады. 1995-1996 жылдары тәжірибе болды, ол осы жылы қайта қалпына келді. ІӘМ бағдарламасы бойынша әлемнің 10 бизнес-мектебіне өздері түскендерге 10 стипендия бар. Global MBA Financial Times рейтінгісі бойынша АҚШ-тың жеті мектебі, бір француз, бір ағылшын және бір испан мектебі. Барлық ЖОО-лар осы жылғы ЖОО-ның тізімінде бекітілген»,-деді ол.

Ғ.Нығыметовтың хабарлауынша, осы жылдан бастап талап етілген кезеңге міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті міндетті норма енгізілді.

«Яғни, екі жылдық жұмыс тәжірибесінің міндетті зейнетақы жарналарын көрсету керек»,-деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар