• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет ордені тапсырылды

Н.Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет ордені тапсырылды

18 Наурыз, 2016 12:58
Елбасы «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияның Олимпиадалық біліктілік турнирін өткізу мақсатымен Астанаға келген Н.Лаловичтің сапарына ризашылық білдірді.

«Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар арасында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соның арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Астанада өтетін турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсетілгені үшін алғыс айтты.  

Сондай-ақ кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет орденін тапсырды.

Барлық жаңалықтар