• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алдағы сайлау Қазақстанда демократияны нығайтады – Ұлыбританияның бақылаушысы

Алдағы сайлау Қазақстанда демократияны нығайтады – Ұлыбританияның бақылаушысы

18 Наурыз, 2016 12:36
ҚР Орталық сайлау комиссиясында Бірікке Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның халықаралық бақылаушылар делегациясымен кездесу өтті.

Кездесу барысында осы жылдың 20-шы науырызында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық барысы талқыланды.

Оған ҚР ОСК-ы жағынан сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев, шетелдік делегация тарапынан Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның корольдік адвокат, әкімшілік істер бойынша Жоғарғы сот судьясының орынбасары Джеймс Томас Левис, сондай-ақ, «Integrative Media LLP» бас атқарушы директоры Алан Джонс Спенс қатысты.

А. Спенс қазақстандық демократияны іс жүзінде көргісі келетінін айтты. Оның қазіргі сайлаудың барлық жағдайымен танысуына, қай партиялар қандай үміткерлерді ұсынып отырғандары туралы білуге уақыты жеткілікті болған.

«Мен Ұлыбританияда көптеген сайлауларға бақылаушы болғаныммен осы жолғы менің шетелдегі алғашқы тәжірибем болмақ»,-деді ол.

Оның айтуынша, сайлауды ұйымдастырушылар сайлаудың тиімді өтуі үшін барлық шаралар жасалатынын айтқан.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар