- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда сайлау 9 840 сайлау учаскесінде өтеді
Қазақстанда сайлау 9 840 сайлау учаскесінде өтеді
«Учаскелік сайлау комиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқыту фильмі әзірленді, ол еліміздің аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілді. Учаскелік сайлау комиссиялары барлық қажетті құжаттармен және жабдықпен қамтамасыз етілген. Сайлау бюллетеньдері сайлау учаскелеріне жеткізілді», - деді Б.Мелдешов.
Қазіргі уақытта дауыс беру күніне белсенді дайындық жүруде.
«Сонымен бір уақытта сайлаушылар тізімдерін нақтылау процесі жалғастырылуда. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар тізімдеріне 9 791 165 адам енгізілді», - деді ол.
Сайлау күні сайлаушы еліміздің кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруі үшін, ол алдын ала дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу қажет. Сайлаушылар оны 19 наурыз күнгі сағат 18.00-ге дейін ала алады. Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келген сайлаушыларға берілмейді.
Өйткені партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда еліміздің барлық аумағы сайлау округі болып табылады, сондықтан осы сайлауда есептен шығару куәлігі бар сайлаушылар еліміздің кез келген нүктесінде дауыс бере алады. Ал мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға өз сайлау округі шегінде ғана дауыс беруге болады» - деп атап көрсетті Ортсайлауком хатшысы.
Дауыс беру 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін 9 840 сайлау учаскесінде өтеді.
Ботагөз Айтжанова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды