Астанада екінші сәлемдемелер супермаркеті ашылды

18 Наурыз, 2016 17:32
«Қазпочта» АҚ екінші сәлемдемелер супермаркетінің ашылуын хабарлайды. Сәлемдемелер супермаркеті – ҚР бойынша сәлемдемелерді қабылдауға және жіберуге арналған, өзін-өзі қызмет көрсету форматындағы жаңа орталық.

«Наурыз-мейрамы көктем мерекесінің қарсаңында біз екінші сәлемдемелер супермаркетін таныстырамыз. Осы жылдың соңына қарай Астана қаласында пошталық жөнел тілімдерді жіберу мен қабылдау бойынша барлық қаланы өзара бөліп тұратын барлығы 3 сәлемдеме супермаркеті ашылатын болады. Сәлемдемелер супермаркетінің кезең-кезеңімен ашылуы Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында 2017 жылдың соңына дейін жалғасады, Астана қаласынан кейін Алматы және Қарағанды қалаларында ашылмақ. Әрбір супермаркеттің ай сайынғы көлемі шамамен 8000 пошталық жөнелтілімдерді құрайтын болады» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті.

Сәлемдемелерді қабылдау үшін, клиент трек нөмірін және ұялы телефонының нөмірін супермаркетте орналасқан арнайы терминалдың экранында тереді. Терминал керекті сәлемдемені жүйеден тауып, орналасқан сөресі, қатары және ұяшығының нөмірі жазылған талонды береді. Клиент бөлмеге кіріп, талон бойынша сәлемдемесін сөреден өзі алады. Шығарда клиент төлқұжатын кассадағы операторға көрсетіп, сәлемдемені тексертіп, ақысын төлейді.

Сонымен қатар, супермаркет клиенті Қазақстанның кез-келген өңіріне сәлемдемені өзі жібере алады. Ол үшін, клиент сәлемдемені салуға арналған, бағасына ҚР бойынша жеткізу ақысы саналған және трек нөмірі жазылған қорапты сатып алуы қажет. Сәлемдемені арнайы орында қорапқа салып, терминалда трек нөмірді сканерден өткізіп, экранда «Жіберу»-ге басып, талонды алғаннан кейін, сәлемдемені сөреде қалдыру керек.

 

Барлық жаңалықтар