ШҚО-да 9,7 млрд теңгеге ағаш өңдеу бойынша инвестициялық жоба дайындалуда

18 Наурыз, 2016 18:24
Аймақ басшысы орман және ағаш өңдеу шаруашылығы бойынша кеңес өткіздіОблыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин бастаған арнайы жұмыс тобынының мүшелері атқарылған жұмыс жайлы мәлімдеді.

Бүгінгі таңда орман шаруашылығын дамыту мақсатында шебер-жоспар дайындаудың байқау жұмыстары аяқталу үстінде. Жұмыс тобының мүшелерімен ұзақ мерзімді орман пайдаланудың қауіпсіздігі мен инвеситициялық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында орман, салық Кодекстеріне өзгертулер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы ұсыныстар жіберілді.

Сонымен қатар бизнес құрылым өкілдерімен 300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 9,7 млрд теңгеге ағаш өңдеу бойынша инвестициялық жоба дайындалуда.

Облыс әкімі жұмыс тобы мүшелерінің есебін тыңдай келе, ҚР Үкіметіне жіберілетін ұсыныстар бойынша бірқатар тапсырмалар берді.  

 

Барлық жаңалықтар