- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да биыл 47 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ
ОҚО-да биыл 47 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ
Биыл облыста мемлекеттік салалық бағдарламалар шеңберінде 47 684 жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланып, оның 21 мыңға жуығы тұрақты болса, 26 802-і уақытша жұмыс орындары.
Құрылатын жаңа жұмыс орындарының 4320 – «Нұрлы жол» бағдарламасы, 600-ге жуық орын «Индустриалды-инновациялық даму» бойынша, 210 орын «Агробизнес 2020 жол картасы», 16 мыңға жуығы мемлекеттік салалық бағадарламалар аясында, 4 мыңнан астамы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», ал 22 152 орын «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде құрылмақ. Ал облыста жыл басынан бері 11 мыңнан астам азаматпен әлеуметтік контракт түзілген.
Оның 4508-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 4165 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2409 жастар практикасына, 141 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған. Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында басқарма басшысы экономикалық дағдарыс кезеңінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында жалпы 14 млрд. 373 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, оған 54 мыңға жуық азаматты қамту көзделгенін айтты.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді