- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейде «Мажар өнер шеберлері сыр шертеді» көрмесі ашылды (ФОТО)
Ұлттық музейде «Мажар өнер шеберлері сыр шертеді» көрмесі ашылды (ФОТО)
Көрмеге қойылған 140 туындының жалпы тақырыбы мажар елінің бай тарихын, мәдениетін қамтыған. Сонымен қатар, еуропалық мәдениеттің маңызды құндылықтарын, оның ішінде әр адамды құрметтеуге, бейбітшілікті, әділеттілікті суреттеуге бағытталған.
Көрмеге арнайы келген суретші Мартон Такач Заманауи өнер залына қойылған венгер суретшілерінің жұмыстарына тоқтала келе, көрменің өтуіне жағдай жасаған Ұлттық музейге ерекше нақышта салынған туындыларын сыйға тартты.
«Мажарлар Қазақ елін өзіміздің ата-жұртымыз деп санайтынын білесіздер. Сондықтан да біздің елдің суретшілерінің шығармашылық жұмыстары Астананың төрінде орналасқан Ұлттық музейде өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Бұл туындылардан сіздер мажарлардың болмыс-бітімімен, ұлттық тарихымен таныса аласыздар. Барлық жұмыстар да таңдалынып алынған, ерекше дүниелер. Көрмеге қош келдіңіздер», - деді М.Такач.
Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшісі Андраш Барани көрмеге жиналған қауымды наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
«Бүгінгі өтіп жатқан көрмені мажар елінің Қазақстанға жасаған сыйы деп қабылдаңыздар. Сіздерді наурыз мерекесімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын», - деді А.Барани.
Айта кетейік, венгер суретшілерінің көрмесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы Венгрия Елшілігінің және Габор Ковачтың KOGART Көркем сурет қорының қолдауымен өтті.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады