Б.Сағынтаев Мәскеудегі ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты

18 Наурыз, 2016 09:48
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Онда қаралған мәселелердің маңыздысы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ЕАЭО органдарына Қазақстанның төрағалығы аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларына жолдаған үндеуі болды.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО нарығындағы шектеулер мен кедергілер мәселесін талқылады. Бизнес қоғамдастықтың алға жылжуында одақ мемлекеттері жұмыс барысындағы кедергілерді жою мәселесімен онлайн режим арқылы таныса алатын болады.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар өндірісте мемлекеттердің инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануда еуразиялық технологиялық платформаны құру мүмкіндіктерін талқылады. 

Барлық жаңалықтар