- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында соңғы 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілді
Жамбыл облысында соңғы 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілді
«Сонымен қатар, облыста спортты, оның ішінде бұқаралық спортты өркендетуге бағытталған 2011-2015 жылдарға арналған аймақтарды дамытуға арналған бағдарлама іске асырылды.Бүгінгі таңда осы бағдарлама шеңберінде өңірде спортты дамыту мақсатында жаңа спорт нысандары бой көтерді.Мысалы, 2012 – 2015 жылдары облыста 9 спорт кешені қолданысқа берілді (Тараз қаласы-5, Сарысу-1, Талас-1, Мойынқұм-1, Жуалы-1).Сонымен қатар, облыстық бюджет және демеушілер тарапынан 31 спорт алаңшасы салынды (Тараз қаласында 14, аудандарда 17)»,- деді Г.Қайнарбеков.
Бір ғана, 2015 жылы Мойынқұм, Жуалы аудандарында спорт зал кешендері, Тараз қаласында №3 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебіне арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы пайдалануға берілді.Тараз қаласында шағын футбол, баскетбол және волейбол ойындарына арналған жасанды төсенішпен қоршалған - 3, Қаратау қаласында - 2 спорт алаңшасы спортпен айналысушылар, оның ішінде жастардың игілігіне айналды.
Сондай-ақ, соңғы жылдары ірі өндіріс орындарындағы қызметкерлер мен жұмысшы-жастардың спортпен айналысулары басты назарға алынды. Нәтижесінде «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл спорт кешенінде бүгінгі таңда 600 жұмысшы және 150-ге жуық жасөспірімдер спортпен тұрақты шұғылдануда.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді