• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қорғаныс министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 3 мемлекеттік қызмет көрсететін болады

Қорғаныс министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 3 мемлекеттік қызмет көрсететін болады

18 Наурыз, 2016 10:03
ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептеріне ақылы негізде оқуға түсу үшін азаматтардың өтініштерін қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі Қорғаныс министрлігі комиссиясының селекторлық отырысында ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Мүслім Дайыров хабарлады.

«Нормативтік актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік тіркелімінде тұр.  Одан басқа, Қорғаныс министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін қолда бар ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы бойынша өзге де мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықтарды шығару мәселесі пысықталуда», - деді генерал-майор Мүслім Дайыров.

Осылайша, жергілікті әскери басқару органдарымен көрсетілетін 8 мемлекеттік қызметтен 3-еуі «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы автоматтандырылған режімде қолжетімді болады. Бұл әскери қызметті өткеріп жүргенін және азаматтың әскери қызметке қатыстылығын растау туралы жеңілдіктерге ие адамдарға анықтамалар беру. 2015 жылдың қарашасында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасы бойынша ҚР Қорғаныс миинистрлігінде әлеуетті құрылымдардың басшыларымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.  

Бұл Мемлекет басшысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету үшін күш-жігер консолидациясы жолындағы маңызды қадам болды. Бүгінгі күні Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық көрінісінің саны анағұрлым төмендеуде. Бұған сыбайлас жемқорлықтың бастапқы сатысын айқындау және уәкілетті органдардың алдын алуы ықпал етті. ҚР ҚК-де  бұл бағыттағы жұмыс ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаровтың басшылық етуімен жүргізілуде.

Оның мақсаты – әскери қызметшілердің кез келген жемқорлық көріністеріне төзімсіздігін қалыптастыру және ҚР ҚК-де оны әрі қарай түп тамырымен жою болып табылады.  Қорғаныс министрлігі аппараты, Бас штабы, ҚР ҚК түрлер бас қолбасшыларымен қатар  селекторлық отырысқа бас қолбасшылардың орынбасарлары, өңірлік қолбасшылық әскерлері, әскер тектерінің қолбасшылары мен олардың орынбасарлары, Ақмола, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің командирлері қатысқанын айта кетейік.

Одан басқа, жиналысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры полковник Даржан Ділманов, Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары полковник Мұхамедқали Сатов пен Бас әскери прокурорының аға көмекшісі Құмар Бердалин қатысты.  

Барлық жаңалықтар