- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының миссия басшылары Қазақстанның сайлауға дайындығын жоғары бағалады (ФОТО)
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының миссия басшылары Қазақстанның сайлауға дайындығын жоғары бағалады (ФОТО)
«Кездесу барысында шетелдік қонақтар Орталық сайлау комиссиясы мен ҚР мемлекеттік органдарының халықаралық бақылаушылармен қарым-қатынасын жоғары бағалады және жалпы Қазақстанның алдағы сайлауға дайындығын жоғары бағалады»,-деп хабарландыруда айтылған.
Өз кезегінде сыртқы саясат ведомствосының басшысы сайлау өткізудің жалпы жұмысын және аталмыш миссияның міндеттерін айтып өтті.
Е.Ыдырысов қонақтарды бес институционалды реформаны іске асыру барысында Қазақстандағы маңызды саясатпен, экономикалық және әлеуметтік өзгерістермен таныстырды.
Министр сайлауалды науқан кезінде саяси партиялар қазақстандық қоғамға елдің әрі қарай дамуына ұсыныстар білдіргендігін атап өтті. Бұл қоғамдық пікірсайыстар мен дебаттарды жандандырды.
«Қазақстан сайлаудың жақсы өтуіне үлкен мән береді. Біз ең жоғары демократиялық стандарттарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру арқылы 100% халықтың сенімін қамтамасыз етуге ниеттіміз»,-деді Е.Ыдырысов.
М.Тидеи Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси экономикалық реформа мен әлеуметтік дамуға оңтайлы қарады. «Мені Қазақстанның позитивті және прагмативті қадамы таң қалдырды»,- деді ол.
Г.Й.Беккевольд қазақстандық жақты сайлауда бақылаушы болып шақырғандықтарына алғысын білдірді.
Кездесу соңында тараптар алдағы кезеңде тығыз және сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.
Айта кетейік, ЕҚЫҰ ПА ҚР Пардамент Мәжілісінің депутат сайлауына 76 делегацияны бақылауға жіберуде. Бұл біздің еліміздегі сайлауға ЕҚЫҰ ПА тарапынан келген ең ірі миссиялардың бірі.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары