- Басты
- Жаңалықтар
- БҒМ қазақстандық оқушыларға ҰБТ тапсыру шартын жеңілдетеді
БҒМ қазақстандық оқушыларға ҰБТ тапсыру шартын жеңілдетеді
Біз түсінеміз, ҰБТ тапсыру кезінде түлектердің алдында тағдыр шешетін тапсырма тұрады: бұл тек қана диплом алу емес, сонымен қатар Жоғары оқу орнына түсу, Алтын Белгіні қорғау, грант алу. Әрине, біз тағы бір жағдайды ескеруіміз керек: ҰБТ тапсыру пункттері кейбір балалардың үйінің қасында, кейбіреу оған жету үшін 200 шақырымдай жер жүруге тиіс, біреуінің ұйқысы қанады, біреуінікі қанбайды. Жастарға әрқашан екінші мүмкіндік беру керек.
«Сенат депутаттарының бастамасы бойынша биылғы жылдан бастап мектеп бітіруші түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екінші рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Сенаттың бұл бастамасына Үкімет те, Білім және ғылым министрлігі де, жалпы қоғам да қолдау білдірген болатын», - деді ведомство басшысы Ерлан Сағадиев.
Министрлік ұсынған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда жыл сайын ҰБТ тапсырмайтын мектеп бітірушілер саны артып отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш шамамен 46 мың адамға жуықтаған.
«Бұл - өте үлкен көрсеткіш. Жоғары білімнен 100 мыңға тарта кешкі оқылымдағы оқушылар қалып отыр, олардың 25 мыңы ЖОО-ларға да, колледждерге де түспейді. Бұл - алаңдатарлық жағдай», - деді министр.
«Мысал үшін, SAT – шетел жоғары оқу орындарына түсуге арналған халықаралық стандартты тестілеуді ай сайын тапсыра беруге болады. Бұл халықаралық тәжірибе әр түлекке жоғары білім алуға мүмкіндік береді»,-деді министр.
«ҰБТ қайта тапсыру ақылы негізде шекті межеден аса алмағандар үшін беріледі. Осылайша олар үшін де ақылы негізде оқуға мүмкіндік беріледі. Бұл мәселе бойынша бізде Елбасының тікелей тапсырмасы бар, соған сәйкес биыл түлектерге өзіміздің оқу орындарына түсуге жағдай ұсынамыз. Әрине, олар бітіргеннен соң бәрі бірдей жұмысқа тұрып кетпеуі мүмкін, алайда тұтастай алғанда біз жоғары білімді қоғам болуға ұмтылуға тиіспіз. Соңғы қырық жылда дүние жүзінде студенттер саны алты есеге артқан. Ал әлемде жыл сайын 150 млн адам жоғары оқу орындарына түседі», - деп түйіндеді ведомство басшысы.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады